Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

552

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. 

Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін көріп, бір сәт те кідірместен теңізге секірген. Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу