Ақтауда полиция көлігі апатқа ұшырады

780

Жол апатынан 2 адам зардап шекті. 

Ақтауда полиция көлігі апатқа ұшырады

Ақтау қаласында патрульдік полиция көлігі жеңіл автомобильмен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде түнгі сағат 02.30-да Ақтаудағы 5 және 8 шағын аудандарының қиылысында патрульдік полиция көлігі мен Hyundai Accent автомобилі соқтығысқан.

"Салдарынан 2 адам зардап шекті. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бір адам үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға жатқызылды", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Автотехникалық сараптама тағайындалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу