Ақтауда полиция көлігі жол апатына ұшырады

399

Жол көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкерлерін қосқанда 5 адам зардап шекті. Олардың үшеуі полицей. 

Ақтауда полиция көлігі жол апатына ұшырады

"Газель" маркалы көліктегі полицейлер мен "Nissan Maxima" жеңіл көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 11 және 12 шағын аудандардың қиылысында болды.

Полиция көлігі шақыртуға жіберілгені белгілі болды. Бірақ жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп, жеңіл көлікті соққан.

Зардап шеккендердің барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

Қазір полицияның қызметтік автокөлік жүргізушісіне "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу