Ақтауда тағы жаңа 7 шағын аудан бой көтереді

755

Маңғыстау облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен келді. 

Ақтауда тағы жаңа 7 шағын аудан бой көтереді

Ол өңірде жүзеге асырылып жатқан бірқатар ірі инфрақұрылымдық және туристік жобалардың барысымен танысты, деп хабарлады inbusiness.kz өңір әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі С.Трұмов алдымен "Ақтау-әуежай" тас жолының құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде онда жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, жаңа жол төрт жолақты болады. Құрылыс жұмыстары қаладан әуежайға баратын трассаның 5 шақырымынан бастап 43-ші шақырымына дейін жүргізіледі. Бірінші кезеңде 5-29 шақырымдағы жолдар жасалады. Бұл жоба республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. 

Осыдан кейін Роман Скляр бастаған жұмыс тобы жаңа шағын аудандардың құрылысымен танысты. Болашақта Ақтауда тағы жаңа 7 шағын аудан (36-42) бой көтереді. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді одан әрі құру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын осы жылдың тамыз айында алу жоспарланып отыр.   

 2021 жылдың басында өңірде "Хонда" орталығынан Өмірзақ ауылындағы "Т"- тәрізді қиылысқа дейінгі автомобиль жолын қайта құру басталды. Ені – 14 метр, ұзындығы 4.5 шақырым жаңа жол учаскесі туристік аймаққа және кері қарай келе жатқан автомобильдердің ағынын жеңілдетуге мүмкіндік береді және әсіресе жазғы кезеңде қозғалысты жеңілдетеді. 

Сондай-ақ, Ақтау туристік аймағында инженерлік инфрақұрылымның құрылуымен танысты. Бүгінде онда ұзындығы 35 шақырым су сорғыш және ұзындығы 32 шақырым коллектордың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Туристік аймақ аумағында вице-премьерге  әлемдік деңгейдегі қонақ үйлердің, виллалар мен апартаменттері бар кешеннің, ойын-сауық орталықтарының құрылысы туралы баяндалды. Жаңа туристік нысандар биыл іске қосылады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек Премьер-министрдің орынбасары Ақтау қаласындағы №2 кәріз-тазарту станциясының аумағында болды. Қондырғы су зарарсыздандыру және қайта пайдалану арқылы жасыл желектерді суару үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бастапқы кезеңде КОС-2-нің  тазарту қондырғысы жалпы қуаты тәулігіне 16 мың текше метр болады, одан әрі 40 мың текше метрге дейін артады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу