Ақтауда Ұлттық ұлан сарбаздары өрттің таралуына жол бермеді

272

Ұландықтардың ұқыптылығы мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында жағдай уақтылы бақылауға алынды.  

Ақтауда Ұлттық ұлан сарбаздары өрттің таралуына жол бермеді Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Ақтауда қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің сарбаздары көпқабатты үйдегі өртті байқап, жедел әрекет етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 18-шағын аудандағы №5 үйде болған. Сағат 21:15 шамасында патрульдеу кезінде әскери қызметшілер жетінші қабаттағы балконнан өрт шыққанын көрген.

Өрттің басқа бөлмелерге таралуы мүмкін екенін түсінген сарбаздар оны қолда бар құралдармен сөндіруге кіріскен. Бұл туралы кезекші қызметке де дереу хабар берілген.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін әскери жасақ бастығы қатардағы Самир Хайдаров пен патрульшілер Бақыт Ақылжан және Төлен Жасұлан өрт ошағын оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу