Ақтауда ұшақ құлаған аумақты видеоға түсірген блогер бостандыққа шықты

429

Ол 10 тәулік бойы әкімшілік қамауда отырған еді.

Ақтауда ұшақ құлаған аумақты видеоға түсірген блогер бостандыққа шықты Фото: instagram.com/azamatsarsenbayev

Ақтау қаласының маңында болған ұшақ апатын түсірген жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ер адамның басынан не өтпейді!? Осы 10 күн ішінде үйден 150 шақырым жерде болғанда ойыма осы сөздер жиі келді. Шынымды айтсам, бұл тәжірибе үшін қуаныштымын. Себебі мен өзімнің ұстанымдарыма одан әрі берік болып, мықтырақ бола түскенімді сеземін", – деп жазды блогер желідегі парақшасында.

Айта кету керек, осыған дейін әуе апаты болған жерді дронмен түсірген блогер 10 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу