Ақтауда жас жігіт Каспий теңізіне батып кетті

187

Ақпаратты Маңғыстау облысының ТЖД растады.

Ақтауда жас жігіт Каспий теңізіне батып кетті Фото: Pixabay.com

Ақтаудың 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізіне шомылып, суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, жазатайым оқиға 3 қыркүйекте сағат 19.40-та 7а шағын ауданында болған.

"Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі 2 метр, жағалаудан 100 метр), ТЖД ОСО күштерімен (9 құтқарушы, 2 техника, 1 жүзу құралы және 1 дрон) 2003 жылы туған Т. денесі табылып, судан алынды, ол 18.55-те шомылу үшін жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кетті", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу