Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

426

Ақтау қаласының 28 “а” шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ер адам қаза тапты.

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті Фото: лада.кз

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 5 маусымда сағат 23:30 шамасында болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"ВАЗ 2115" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 35-40 жас аралығындағы ер адамды қағып кетті, оның жеке басы әлі анықталмаған. 

Апат салдарынан жарақат алған ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу