Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына кіріп кетіп, кішкентай баланы қағып кетті. Hyundai Accent маркалы автокөлік Мерседеспен соқтығысқан. Инерция салдарынан балалар ойын алаңына кіріп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта зардап шеккен бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізілді.
"Осы факті бойынша "Мерседес" көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Басқа мәліметтер жария етілмейді. Тергеу басталды", – деп хабарлады өңірлік полиция.
Желіде оқиға болған жерден видеолар тарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу