Ақтауда жол апатына түскен әйел ауыр халде жатыр

319

Науқас жан сақтау бөлімінде ИВЛ аппаратында жатыр.

Ақтауда жол апатына түскен әйел ауыр халде жатыр Фото: 112 Ақтау инстаграмм

Ақтауда 24 шағын аудандағы орталық тас жолда жол апаты тіркелді. 1975 жылы туған әйел зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жарақат деңгейін анықтап жатыр. Дәрігердің қорытындысынан кейін көлік жүргізушісінің қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны белгілі болады", - деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Ал дәрігерлер болса, жол апатынан зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Науқас жан сақтау бөлімінде ИВЛ аппаратында жатыр.

Бұл дерек бойынша балық деректер анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу