Ақтауда жол апатына түскен автокөліктің күлі көкке ұшты

Куәгерлер оқиғаның 7 қазан күні кешке болғанын айтады.  

Ақтауда жол апатына түскен автокөліктің күлі көкке ұшты Фото: бейнежазбадан

Қос көліктің қатысуымен болған апатттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлер шұғыл 101 нөміріне хабарласып, өрт туралы хабар берген. Десе де, құтқарушылар жеткен уақытта көлік толықтай жалынның құрсауында қалған еді. 

– Ең бастысы – адамдар аман. Өрт сөндірушілердің жұмысына тәнтімін. Әрбір шақырту кезінде олар өмірін қауіпке тігеді. Мен де оқиға орнында болдым, газ баллоны жарылып кетпесе екен деп қорықтым. Абырой болғанда, өртті сөндіре алды, – дейді оқиға куәгері. 

Оқиға Ақтаудың 32А шағынауданында екі көліктің қатысуымен тіркелген. Көліктердің бірі – Hyundai соқтығысу салдарынан соң бірден толықтай жанып кеткен. 
Оқиғаға қатысты облыстық ТЖД мен полиция департаменті ресми түсініктеме беретін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу