Ақтауда жол көлік апатына түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды

148

2013 жылы туған баланың жағдайы өте ауыр. 

Ақтауда жол көлік апатына түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жастағы жасөспірімнің жағдайы жақсы. Есін біледі және өздігінен дамала алады. Сондықтан оны жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстыру жоспарда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2013 жылы туған баланың жағдайы өте ауыр. Комада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Геодинамика тұрақсыз. Вазапрессорлық қолдау көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, осыдан 5 күн бұрын Ақтауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті. Оқушылар жаяу жүргінші жолағы арқылы өтіп бара жатқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу