Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысының алдын ала есебі жақын арада жарияланатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Осыған дейін Әзербайжан, Ресей, Бразилия, Cenipa және ИКАО-дан мамандар тартылғанын айтқан болатынбыз. Барлық мамандар бірігіп жұмыс істеп жатыр. Жұмыс аяқталуға жақын. Жақын күндері біздің сайтымызда ресми алдын ала есебі жарияланады деп күтіп отырмыз", – деді Марат Қарабаев журналистердің сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, осыған дейін Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты тергеудің алдын ала нәтижесі жақын арада шығатынын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу