Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысы қашан шығуы мүмкін?

Алдын ала нәтиже 30 күнде жария болады. 

Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысы қашан шығуы мүмкін? Фото: ҚР ТЖМ

Ал түпкілікті қорытындының қашан белгілі болатынын жауапты министрлік ресми хабарламасында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

25 желтоқсанда тіркелген авиациялық оқиғаны тергеу инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес жүргізілуде. Яғни, AZAL ұшағының апатын тергеу бойынша қорытынды есеп үш жылдан кешіктірілмейді.

– Бұйрықтың 32-тармағына сай, адам қаза болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы комиссия құрылған сәттен бастап авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп бекітілген күнге дейін, сондай-ақ егер қосымша зерттеулер қажет болмаса, ереже 36 айдан аспайды, – деп хабарлады жауапты министрлік.

Тергеу комиссиясының мүшесі, ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев 30 желтоқсанда тергеудің алдын ала немесе аралық қорытындысы 30 күнде дайын болатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, Қазақстан үкіметі Ақтаудағы ұшақ апатын толық әрі ашық тергеу үшін "қара жәшікті" Бразилияға жіберу туралы қабылдаған. Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сұхбатында мұның дұрыс шешім екенін айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу