Ақтауға Бразилиядан Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады", – делінген хабарламада.
Алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп күтілуде.
Айта кету керек, осыған дейін Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы жазған болатынбыз.