Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқастың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
4 науқас реанимацияда жатыр. Бір адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, үшеуінің жағдайы тұрақты.
Тағы екі адам травматология бөлімшесінде ем алып жатыр.
"Облыстық көпсалалы ауруханада емделіп жатқан алты науқастың үшеуі Әзербайжан, ал үшеуі Қырғызстан азаматтары. Барлық пациент қажетті емді толық көлемде алып жатыр", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кету керек, осыған дейін апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері қашан ашылатынын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу