Ақтөбе-Астрахань автожолында 4 адам қайтыс болды

572

Қаза тапқандардың барлығы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері. 

Ақтөбе-Астрахань автожолында 4 адам қайтыс болды Фото: polisia.kz

18 қыркүйек сағат 23:30  шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында Ақтөбе-Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.

39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан.

Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу