Ақтөбе-Астрахань тас жолында бірден 8 адам қаза тапты

2084

Жолаушылар арасында балалар да болған.

Ақтөбе-Астрахань тас жолында бірден 8 адам қаза тапты Фото: әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты болып, 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін сағат 08:36-да Ақтөбе облысында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы туралы шақыру түскен.

"Жол-көлік апаты кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев. 

Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу