Ақтөбе – Астрахань тасжолындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты

304

Жолда екі Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысқан.

Ақтөбе – Астрахань тасжолындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты Фото: gov.kz

Қайғылы оқиға Қандыағаш қаласына жақын жерде, Ақтөбе – Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 94-шақырымында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, соққының қатты болғаны соншалық, көліктердегі адамдардың ешқайсысы аман қалмаған. Жол апатынан Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары қаза тапты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу