Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кетті

422

Мұрат Жөреков Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына осы жылдың 5 қаңтарында тағайындалды.

Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кетті Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгін мен сіздермен Ақтөбе қаласының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтағаным жайында және орталыққа басқа жұмысқа ауысатыным туралы жаңалығыммен бөлісіп отырмын.

Туған қалам Ақтөбеме қызмет қылу - мен үшін биік мәртебе, зор жауапкершілік, үлкен тәжірибе мектебі болды. Қолдау көрсеткен барша Ақтөбе халқына алғысым шексіз. Уақыт бір орнында тұрмайды. Әлі-ақ сіздермен бірлесіп бастаған жұмыстар қаламыздың дамуына оң әсерін береді деп сенемін. Мен үшін сіздердің алғыстарыңыздан артық бата жоқ. Ендігі жерде жаңа қызметте елімнің дамуына еңбек етуді жалғастыра беремін", - деп жазды "Facebook" парақшасында.

Мұрат Жөреков Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына осы жылдың 5 қаңтарында тағайындалған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу