Ақтөбе кен орнындағы өрт: Зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы белгілі болды

489

Кеңқияқ ауруханасына түскен төрт жұмысшы да термиялық күйік алған.

Ақтөбе кен орнындағы өрт: Зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы белгілі болды Фото: baq.kz

-Кеңқияқ ауруханасына түскен төрт жұмысшы да термиялық күйік алған. 2-3 дәрежелі. Денесінің кеуде тұсы, иықтары, бел тұсы, қол, аяқтары күйген. 2-3 дәрежедегі шок аоғандар бар. Ем жасалып жатыр. Облыс орталығына жеткізіле ме,әлде аудан орталығындағы ауруханада ем жалғаса ма, бүгін шешетін боламыз,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағы, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жаңажол кен орнында қондырғы өртенгені туралы жазған болатынбыз.

Өрт бүгін таңғы сағат 06:20-да толық сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу