Кейбір елді мекендерде жарық беруге жолдың нашарлығы да әсер еткен, деп жазады inbusiness.kz.
- Мысалы, Хромтау ауданы жағында көлік батып қалды. Жол нашар. Қазір Қарғалы, Алға жағынан көмекке мамандар барып жатыр. Бүгінгі таңда 17 елді мекенде электр қуаты жоқ. Мәртөк пен Хромтау аудандарында 5 елді мекенде, Әйтеке би мен Қобда аудандарында -1 ауылда, Ырғыз ауданында - 3, Шалқар ауданына қарасты 2 ауыл жарықсыз отыр. Үш ауданда жөндеу жұмыстарын бүгін кешке дейін аяқтауға тырысамыз,- деді Ақтөбе облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 40 ауыл жарықсыз отырғанын жазған болатынбыз.