Ақтөбе облысында 1880 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі

1167

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин халыққа есеп берді.

Ақтөбе облысында 1880 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі

Ақтөбе облысында биыл колледждердің 500 студенті жатақханамен қамтылады. Бұл туралы халықпен есептік кездесуі кезінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, биыл апатты жағдайдағы мектептердің ғимаратын қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға, сондай-ақ оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыруға көп көңіл бөлінеді.

"Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді, сонымен қатар, оқушы орындарының жетіспеушілігін жою үшін 1 880 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі. Биылғы жылы Батыс-2 ауданында жеке инвестициялар есебінен 1800 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде",– дейді әкім.

Сондай-ақ Оңдасын Оразалин 2020 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы Ақтөбе қаласының автожол, медициналық және политехникалық колледждерінің 500-ден астам студентін жатақханамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғандығын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу