Ақтөбе облысында 2025 жылға дейін 44 мектеп салу жоспарланып отыр

454

Білім ошақтары бой көтерсе, онда бір ауысымда 23 мыңға тарта бала оқуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысында 2025 жылға дейін 44 мектеп салу жоспарланып отыр Фото: inbusiness.kz

44 мектептің 24-ін облыс орталығы Ақтөбеде, қалғандары аудандарда салынатын болады. Бұл әлеуметтік жобалар іске асырылуымен, аймақтағы апатты және үш ауысымды мектептер проблемасы толығымен жойылып, мектептердің жетіспеушілігі мен жұмыс істеп тұрған білім ордаларының шамадан тыс жүктелуі сияқты мәселелер шешіледі деп болжануда.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазір аймақта алты үш ауысымды, және бес апатты мектеп бар.

Бұған дейін облыста 6 үш ауысымда, 5 апатты мектеп бар.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Кеңқияқ ауылының тұрғындарының жанайқайын жазған болатынбыз. Онда ата-аналар қабырғасы сөгіліп тұрған ауыл мектебі бір күні балаларымыздың үстіне құлай ма деп қорқамыз деп алаңдаушылығын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу