Жол-көлік оқиғасы кеше, 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу