Ақтөбе облысында алтын өндіретін кәсіпорын салынуда

1858

Жобаның жалпы құны – 148 млрд теңге.

Ақтөбе облысында алтын өндіретін кәсіпорын салынуда

"AltynEx Company" АҚ 2021 жылы Ақтөбе облысындағы Юбилейное кен орнында тау-кен металлургия комбинатын іске қоспақ. Аталмыш кәсіпорын жылына 5 млн тонна алтын өндіреді деп жоспарлануда. Аталмыш бағалы металды өңдеу жылына 6,3 тонна алтын-күміс балқымасын (Доре) алуға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 148 млрд теңгеге бағалануда. 

"Қазіргі кезде жоба бойынша 5 млрд теңге игерілді. Бұл қаржы жобалық құжат дайындау, инженерлік-геологиялық жүйелерді қосу, арнайы су жиналатын тоғандар салу, негізгі нысанның ірге тасын қалау үшін бетон құю жұмыстарына жұмсалды",– дейді Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандары.

Тау-кен металлургия комбинатын салу ашық тәсілмен құрамында алтыны аз рудаларды барлауға байланысты қолға алынды. Бұл еліміздегі ең ірі алтын өндіретін комбинаттардың бірі болады деп жоспарлануда.

"AltynEx Company" АҚ Қазақстандағы алтын өндіретін жетекші компаниялардың бірі. KASE мәліметтері бойынша, мекеме акцияларының нарықтағы бағасы – 41 794,06 млн теңге. Компанияның негізгі активі  – Ақтөбе облысындағы Юбилейное кен орны. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу