Ақтөбе облысында баланы түлкі тістеп алды

425

Қобда аудандық ауруханасына  жедел түрде 4 жасар бала жеткізілген.

Ақтөбе облысында баланы түлкі тістеп алды Фото: Ашық дереккөзден

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға Жарық өзенінің жағасында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Баланың жанында ата-анасы болған. Түлкі баланың маңдай тұсын жәре мұрнының қасын тістеген. Артынан жануарды ұстап, көзін жойған. Баланың жағдайы қанағаттанарлық күйде.

"Маңдайы, оң жақ самайы және жамбас пен жіліншік тұсы жарақаттанған. Жарақатын өңдеп, медициналық көмек көрсетіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жедел хабарладық",- дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу