Ақтөбе облысында биыл 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

1282

Оның ішінде 108 мың шаршы метр немесе 1 мың 600 пәтер тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша жеңілдетілген несиемен берілмек.

Ақтөбе облысында биыл 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

Ақтөбе облысында жалдамалы баспана салуға 1 жарым млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы аймақта биыл 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 108 мың шаршы метр немесе 1 мың 600 пәтер тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша жеңілдетілген несиемен берілмек.

Жергілікті бюджет қаржысына аудан орталықтарында 5 мың шаршы метр арендалық үй салынады. Қолжетімді баспанамен қатар, коммерциялық үйлердің құрылысы да қарқынды жүріп жатыр.

Былтыр "Нұрлы жер" бағдарламасымен 900 мың шаршы метр үй салынып, 7 мың пәтер халық игілігіне тапсырылған еді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл сайын тұрғын үй көлемі өсімін 8-10 пайызға қамтамасыз ету, және 2030 жылға дейін бір адамға шаққанда 30 шаршы метрге жеткізу мақсатында, ағымдағы жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін бар мүмкіндікті пайдаланамыз", – облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Айкөркем Алдабергенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу