Шеңбертал мен Жаныс би ауылы қаладан 360 шақырым жерде орналасқан. Шалғайдағы ауылда ауызсу мәселесі бұрын өзекті болса, қазір түбегейлі шешілді.
"Қазсушар" РМК Ақтөбе филиалы директоры орынбасарының сөзінше, қазір нысанды коммуналдық меншікке өткізу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр.
"Қазіргі таңда осы жоба бойынша құрылыс жұмыстары бітті. Бүгін аяқталған нысанды тәжірибе жүзінде іске қостық. Келесі жылдың мемлекеттік комиссияның оң қорытындысымен Ырғыз аудандық әкімдігіне коммуналдық меншігі ретінде тапсырылады. Содан кейін ауызсуға тариф бекітіліп, толықтай пайдалануға беріледі. Осылайша, аталған екі ауылда ауызсу мәселесі түгелдей шешіледі", – деді "Қазсушар" РМК Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Әділжан Әлізақ.
Су құбырының ұзындығы – 42,349 шақырым. Құбырдың су өткізу қабілеті – тәулігіне 4 495,92 текше метр.