Ақтөбе облысында екі полиция қызметкері есірткі тасымалына қатысты күдікке ілінді

748

ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.  

Ақтөбе облысында екі полиция қызметкері есірткі тасымалына қатысты күдікке ілінді Фото: sports.ru

 Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында көліктегі полицияның екі қызметкері есірткі тасымалына қатысты күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, аталған қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл ақпаратқа қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады.

– ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті сұрауыңызды қарастырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп жауап берді ҚР ҰҚК бөлімше бастығы Олжас Бектенов.

Қазіргі уақытта іс бойынша өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, оларға мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу