Ақтөбе облысында көлік апатынан шетел азаматтары қаза тапты

328

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысында көлік апатынан шетел азаматтары қаза тапты Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік азаматтар ажал құшты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

29 қазанда Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ екі көлік құралының екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды. 

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу