Ақтөбе облысында көлік апатынан үш адам қаза тапты

695

Сұмдық жол-көлік апаты Самара-Шымкент бағытындағы жолда болған.  

Ақтөбе облысында көлік апатынан үш адам қаза тапты Фото: Ақтөбе облыстық ПД

"Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі "DAF" жүк көлігімен соқтығысқан. "Ларгус" көлігінің тізгінінде 27 жастағы жүргізуші болыпты. Көлікте болған үш жолаушы апат болған жерде қайтыс болып, қалған төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының мәліметінше, жол-көлік апатынан жыл басталғалы 30 адам қайтыс болып, 200-ден аса адам түрлі жарақат алған. Апат жиілеген  аймақтар қатарында Ақтөбе қаласынан бөлек Әйтеке би, Байғанин, Қобда және Шалқар аудандары бар.

Зерделей келе прокурорлар жол-көлік апатының негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы, қарсы қозғалыс жолағына шығуы, сондай-ақ жолдардың қауіпті учаскелерінде жол-патрульдік полиция экипаждарының болмауынан деген ұйғаным жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу