Ақтөбе облысында құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады

182

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

 Ақтөбе облысында құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады Фото: ҚР ТЖМ

Оқиға Хромтау қаласында, Есет батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған.

Иілгіш жалғағыш газ шлангінің герметизациясының бұзылуынан табиғи газ жанған.

"Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 15 бала. Өрт сөндірушілер газды жедел жауып, алау жануын жойды", – делінген хабарламада.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтар мен жағдайларды уақытында жоюды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу