"Сағат 09:50-де Қарауылкелді ауылы Молдағұлова көшесі бойында "НИВА" автокөлігі мен "Лада приора" автокөліктері соқтығысып жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде, көлік ішінде болған 2011 жылы туған бала дене жарақатын алған", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Нива" көлігінің ішінде бес жасөспірім болған. Байғанин аудандық білім бөліміндегілердің айтуынша, олар аудан орталығына жеке шаруаларымен келген. Ата-анасының рұқсаты болғанын айтады.
Жол-көлік оқиғасында 12 жастағы оқушы қыз жарақат алған. Байғанин аудандық ауруханасына жеткізіліп, жолдамамен Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына келіп, гипс салған соң үйіне қайтарылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар оған "Оң жақ бұғанасының жабық жарақаты'" деген диагноз қойған. Көлікте болған барлық оқушылардың денсаулығын тексерген соң, үйлеріне жіберген.
Ал мектеп басшылығы оқушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті.