Кеше "Рено-Логан" жеңіл автокөлігін тізгіндеген Тәжікстан азаматы Арал қаласынан Хромтау қаласына қарай Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында келе жатып, жүк көлігімен соқтығысқан. "DAF" жүк автокөлігінің рөлінде де шетелдік – Түркия азаматы болған.
"Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде "Рено-Логан" автокөлігінің жүргізушісі және 4 жолаушы Ырғыз ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, оның екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды. Осы жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр",– делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу