"Самара - Шымкент" тасжолында тағы да көлік кептеліп, жолдар жабылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
"Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауылы қиылысында, яғни, Қарабұтақ ауылына қарай 20 шақырым бойы 200-250 көлік тұр. Жүк көліктерінің жол жиегіне тұрып қалуынан кептеліс пайда болған. Ал Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауылынан Қызылорданың Арал қаласына қарай 40 шақырымда 60 көлік жиналып қалды. Кептеліс тасжолдың 1161-1168 және 1181-1185 шақырымы аралығында болып тұр. Себебі жол өте тар. 1161-1168 шақырымы аралығын кептелістен тазарту үшін "ҚазАвтоЖол" мекемесінен екі техника жіберілді. Екінші кептеліске үш техника кетті. Жолдағы кептелісті жою үшін Қарабұтақ, Ырғыз ауылдары мен Қызылорда шекарасында жеңіл және жүк көліктеріне шектеу қойылды", деп хабарлайды.