Ақтөбе облысында тау-кен металлургия зауыты салынады

2540

Болашақта кәсіпорын 700 адамды жұмыспен қамтымақ.

Ақтөбе облысында тау-кен металлургия зауыты салынады

Ақтөбе облысында жалпы құны 148 млрд теңге тұратын тау-кен металлургия зауыты іске қосылады. Бұл туралы өңірдің индустриалды-инновациалық даму басқармасы хабарлады. 

Комбинат Мұғалжар ауданының "Юбилейное" кен орнында салынуда. 

"Жоба құны шамамен 148 млрд теңге. Бүгінде оның 5 млрд теңгесі игерілген. Комбинат жылына 5 млн тонна құрамында алтын бар кен өндіреді деп жоспарлануда. Зауыт 2022-2023 жылдары толық жұмыс істей бастайды",– деді басқармада. 

Қазіргі кезде комбинаттың техника-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары дайын. Сонымен қатар, зауыттың ішкі құрылымы бойынша жобалық жұмыстар мен инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізілуде. Кәсіпорын іске қосылған соң 700 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. 

Бұған дейін комбинат 2020 жылы жұмыс істей бастайды деп хабарланған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу