Басым бағыттар – зерттеулердің жан-жақтылығын арттыру, жинақталған деректерді цифрландыру және оларды Big Data мен жасанды интеллектіні қолдана отырып одан әрі пайдалану, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2026 жылы 20 егжей-тегжейлі геологиялық түсірілім жобасын жүзеге асыру басталды
2025 жылы 1:50 000 масштабтағы 20 геологиялық түсірілім жобасы әзірленіп, оларды жүзеге асыру 2026 жылы басталды. Зерттеулер алтын, мыс, полиметалдар, литий және сирек жер металдарын анықтау әлеуеті бар 100 мың км² перспективалы аумақты қамтиды.
Үкімет
Екі жылда 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды
2024-2025 жылдары 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды. Геологиялық барлау жұмыстары алтын, күміс, мыс, хром, темір және фосфорит кендері ресурстарының, сондай-ақ жер асты сулары қорларының өсуін қамтамасыз етті. Жалпы, мемлекеттік есепте пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлеріне жататын 10 мыңға жуық кен орны бар.
Сирек кездесетін жер металдарының 935,4 мың тонна болжамды ресурсы анықталды
Зерттеулер 11 учаскеде аяқталды. Ең перспективалы учаскелердің бірі – Қарағанды облысындағы Құйректыкөл. Мұнда заманауи жоғары технологиялық өндірістерде сұранысқа ие сирек жер металдары анықталды.
Геологиялық ақпараттың 4,8 млн-нан астам бірлігі цифрландырылды
Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасында 66,1 мың геологиялық есеп және 109,5 мың зерттелу контуры орналастырылды. Келесі кезең – жинақталған материалдарды Big Data аналитикасы мен жасанды интеллект жүйелерінде пайдалану үшін машина оқитын форматқа көшіру.
Үкімет
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама жаңартылуда
Өзгерістер инвестициялық тартымдылықты арттыруға, рәсімдерді цифрландыруға және жер қойнауын неғұрлым ұтымды пайдалануға бағытталған. Заңнамада Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасының мәртебесі бекітіліп, электрондық аукциондар өткізу тетігі кеңейтілді және стратегиялық инвесторларды қолдаудың қосымша шаралары көзделді.
Үш жылда қатты пайдалы қазбаларды өндіруге 96 лицензия берілді
Осы кезеңде жеті жоба барлау сатысынан өндіріс кезеңіне өтті. Мұнай-газ секторында 2025-2026 жылдары сегіз кен орны өндіру кезеңіне ауыстырылды.
Саладағы өзгерістер зерттеулердің егжей-тегжейлілігін арттыруды, ресурстық базаны кеңейтуді, реттеуді жетілдіруді және геологиялық деректерді цифрландыруды қамтиды. Келесі кезең – талдауды жеделдету, болжамдардың дәлдігін арттыру және жаңа инвестициялық әрі өнеркәсіптік жобаларды қалыптастыру үшін жинақталған ақпаратты, Big Data мен жасанды интеллектіні пайдалану.