Жетісуда 30 мың гектарға жуық пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

309

Қайтарылған жерлер конкурс арқылы қайта бөлінеді.  

Жетісуда 30 мың гектарға жуық пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды Фото: 24.kz

Жетісу облысының Қаратал ауданында прокурорлық қадағалау нәтижесінде жалпы аумағы 30 мың гектарға жуық пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер учаскелерінің кадастрлық құны 44 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудан прокуратурасының жер заңнамасының сақталуына жүргізген талдауы барысында бұған дейін жер пайдаланушыларға берілген учаскелердің ұзақ уақыт бойы тиісті мақсатта пайдаланылмағаны анықталды.

Осыған байланысты уәкілетті органға қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау қорытындысы бойынша пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алдағы уақытта бұл жер учаскелері заңнама талаптарына сәйкес конкурс арқылы халық пен кәсіпкерлер арасында қайта бөлінеді.

Прокуратура мәліметінше, жерлерді шаруашылық айналымына тарту ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.

Жетісу облысының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу