Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 619 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзушылармен күрес жұмыстарын жалғастыруда. Күні бүгінге дейін Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзған 619 адамды анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 590 факт ретінде тіркелсе, 138 адам қамауға алынды. 182 тұрғынға айыппұл салынып, 236 азаматқа ескерту жасалды.
Сотқа жіберілген материалдың жалпы саны – 25. ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 29 дерек тіркелді. 15 адамға айыппұл салынып, 12 адам қамауға алынды.
Азаматтардың блок-бекеттерді заңсыз айналып өтуіне қатысты 31 факті тіркелді.