Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

377

​Ақтөбе облысының Хромтау ауданында үш көлік қатысқан жол апаты болып, бір адам көз жұмды. Оқиға бүгін түсте Самара–Шымкент тасжолының Ақжар ауылы маңында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты Фото: бейнежазбадан

Жол-көлік оқиғасына "Nissan X-Trail", "Hyundai Getz" және "Lexus LX 470" көліктері қатысқан. Аталған учаскеде бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың бір бөлігі пайдалануға берілген.

Апат салдарынан "Hyundai Getz" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Осы көлікте болған екі жолаушы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу