Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

425

Қайғылы жағдай Байғанин ауданына қарасты Қарауылкелді ауылының маңында болған.   

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты Фото: instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбе – Атырау тасжолында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, "ВАЗ" және "DAF" маркалы көліктер соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу