Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:30-да Ақтөбе – Орынбор автожолының 20-шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан болған.
Жол апатынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, 3 жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді, – деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Артур Абдрешов.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу