"22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты" делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу