Ақтөбе облысында жол апатынан 8 Өзбекстан азаматы қаза тапты

265

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 Өзбекстан азаматы қаза тапты Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Апат кеше Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тасжолда Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан.

Апат салдарынан минивэн жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты.

“Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, салдарынан көліктер соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды”, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу