Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды

349

Жол көлік оқиғасы фактісіне қатысты тергеу басталды. 

Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды Фото: polisia.kz

16 мамыр күні Самара – Шымкент автожолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу