Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"14 тамыз күні сағат 16:55-те "Покровка – Жаңажол" автожолының 75-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді. Темір ауданы "Покровка – Жаңажол" тас жолының 75-шақырымында Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", – деп жазады ақпарат көзі.
Жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен Кенкияқ аулының ауруханасына жатқызылған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.