Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

353

Жеңіл автокөлігі жүк көлігімен соқтығысқан.

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 6 шілде Шалқар ауданының аумағында Самара-Шымкент тасжолының 1235 шақырымында болды.

Hyundai Sonata автокөліктің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу