Ақтөбе облысында жол апатынан үш адамның өмірі қиылды

689

10 адам ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адамның өмірі қиылды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жол апатынан үш адам қайтыс болып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Жаңажол–Северная трува автожолында орын алды.

Күзет фирмасының қызметкерлері мінген автобус су таситын "Урал" көлігі соқтығысқан. Салдарынан автобус жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 9 жолаушы мен "Урал" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу