Nissan X-TRAIL автомашинасының жүргізушісі, 28 жастағы азаматша. Байғанин ауданы Жарлы ауылынан 2 шақырым жердегі Ақтөбе – Астрахань автожолында автокөлікті жолдың жиегіне аударып алған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 69 жастағы жолаушы әйел Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды, онда зейнеткер алған жарақатынан қайтыс болды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу